Ресейдің ішкі істер министрлігі Украинаныңшығысында өзін–өзі жариялаған «Донецк халықреспубликасы» (ДХР) және «Луганск халықреспубликасы» (ЛХР) тұрғындарына ресейліктөлқұжат бере бастады. Бұл ақпараттыресейлік РБК арнасы хабарлады.
Сайттың жазуынша, қазіргі кезде Ресей–Украинашекарасындағы «екі уақытша өткізу пунктіндетөлқұжаттар беріп жатыр«. Әзірге нақты қайсыпунктерде екені айтылмайды. Ресей қолдайтынсепаратистер бақылауындағы аумақта 12 мыңадамның төлқұжат алуға өтініш бергеніайтылады.
ДХР көші–қон қызметінің жетекшісі ВладимирКраснощектің айтуынша, өзін–өзі жариялағанреспублика басшылығы төлқұжат алғысы келгеназаматтарды «күн сайын» көлікпен қамтамасызетіп жатыр. Жұма, маусымның 14-і күні осындайқызметті 34 тұрғын пайдаланған. Краснощектіңайтуынша, сегіз мыңнан астам адам кезекте тұр.
Ресейдің күштік құрылымдарының бейресмиақпаратын жиі тарататынТегеграмдағы WarGonzo арнасы 14 маусымда«Новошахтинскіде – ЛХР тұрғындары, Покровкада ДХР тұрғындары алғашқы Ресейпаспортын алды. Енді олар дактилоскопияданөтіп, Ресей Федерациясына адал болатыныжайлы ант беруі тиіс» деп жазды.
24 сәуірде Ресей президенті Владимир ПутинДХР және ЛХР тұрғындарына жеңілдетілгенрежимде Ресей азаматтығын беру туралыжарлыққа қол қойды. Кремльдің түсіндіруінше, төлқұжаттар «гуманитарлық және адам құқығынқорғау мақсатында беріледі«.
Украина үкіметі ЛХР және ДХР тұрғындарынаберілетін ресейлік төлқұжаттарды заңсыз дептаныды. Еуропа кеңесінің төрағасы Дональд ТускРесейдің шешімі Минск келісім–шартына қайшыкеледі деп санайды.