Home Жаңалықтар БАҚ: Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедов қайтыс болды

БАҚ: Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедов қайтыс болды

60

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедов қайтыс болды деп хабарлайды «Говорит Москва» радиостанциясы.

Бұл туралы басылымға саясаттанушы әрі Еуразиялық мәселелер мониторингі орталығының директоры Аслан Рубаев жергілікті дереккөзге сілтеме жасап хабарлаған.

Дереккөз бұл туралы өзіне түркіменстандық бизнесмендердің айтқанын жеткізген. Олар өз кезегінде бұл туралы арнайы қызметте істейтін адамдардан естігенін айтқан.

Олардың сөзінше, ел президенті демалыс уақытында көз жұмған.

Сонымен қатар аталмыш ақпарат жергілікті оппозициялық Youtube-арнада пайда болған.

Әзірге ресми дереккөздер Гурбангулы Бердымұхамедовтың қазасы жайлы ақпаратты растамады.

Алдыңғы жазбаҚайтсек Қазақстанды «нағыз қазақ еліне» айналдырамыз?
Келесі жазбаНазарбаев металлургтарды кәсіби мерекесімен құттықтады