Home Жаңалықтар Қазақстан құрамасы Белгиядан 2:0 есебімен жеңілді

Қазақстан құрамасы Белгиядан 2:0 есебімен жеңілді

53

Кеше футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы өз алаңында Бельгияны қабылдады. Матч 0:2 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді.

Ойынның 8-минутында Максим Федин есеп ашуға жақсы мүмкіндік алған. Алайда, әуелей асырылған пастан кейін оның баспен ұрған добы қапа маңдайшасынан сәл ғана биік кетті.

Матчтың 21-минутында Белгия шабуылшысы Миши Батшуайи есеп ашты. Ол командаласы Деннис Праттың айып алаңына асырған добын қақпаға дәл көздеді.

Кездесудің екінші таймында қонақтар шабуылын үдете түсті. Осылайша, 53-минутта Эден Азар айып алаңына тура пас асырып, белгиялық жартылай қорғаушы Тома Мёнье есепті еселеді.

 

Алдыңғы жазбаСириямен Түркия үлкен соғыстың алдында тұр
Келесі жазбаБүгін Бакуде негізін Елбасы қалаған Түркі кеңесінің саммиті өтіп жатыр