Home Басты жазба ҚТЖ-ның қарызын кім жабады?

ҚТЖ-ның қарызын кім жабады?

337

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басынан дау кетпегелі  қай заман! Әлбетте,  мен  темір  жолды   жетік  білген  соң  айтып  отырмын. Өйткені  2000  жылдардың  басында  осы  салада біраз  уақыт  жұмыс істедім. Сол кезде-ақ ҚТЖ  саласы  жемқорлықтың  ұясы  екенін  аңғарған  едім. Қазір  тіпті  үдеп  тұрған  секілді.

Кеше  ғана Жоғарғы есеп палатасының төрағасы Әлихан Смайылов «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы алдағы уақытта  банкрот  болуы  мүмкін  екенін айтты.  Сүйтсек, ҚТЖ –ның қарызы  биылғы  жылдың  басында 2,9  триллион  теңге болыпты. Қазір   еселеп өсіп  жатқаны  белгілі.  Бұл қалай,  сонда? Еліміздегі  жолаушылармен   жүк  тасымалының   кем  дегенде 75-80 пайызы  осы  темір  жол  арқылы  жүреді. Бүкіл  ақша айналымы  осында. Сонда  бұл  қайдан  шыққан  қарыз? Тіпті, соңғы  4  жылда  темір  жол  саласын  дамытуға  деп  2  триллион теңге бөлініпті. Бұл  қаржы қайда кетті?Демек,бұл  сала  жемқорлықтың  апанына айналғаны  белгілі.  Нақты  деректерге үңілсек, темір жолдың лауазымды тұлғаларына  байланысты 136 қылмыстық  іс  теркеліпті.  52  адам сотты  болған. Тіпті  кейбір  болжамдарға  қарасақ, осы  саладағы  жемқорлықтың  жылдық айналымы  200 млн.  доллардың  көлемінде көрінеді. Осының  өзі-ақ, ҚТЖ жемқорлардың «сауын  сиырына»  айналғанын  көрсетіп  тұр  емес  пе? Қайтпек  керек?  Әрине,  бұл  салаға түбегейлі  реформа  қажет. ҚТЖ-ны осындай  мүсәпір күйге  түсіргендердің  бәрі   әділ  жазасын  алғаны жөн. Десек те, ҚТЖ Ұлттық  компания  болғандықтан оны банкротқа жібере  қоюы  екіталай. Демек,  тағыда  Ұлттық  қордан  ақша  алып, ҚТЖ-ның  қарызы  жабылуы  мүмкін. Бәлкім, жаңа  бір компания құрылып, темір  жол соның  қармағына  көшуіде ықтимал.  Тіпті  ол  Ресейлік компания  болып жатсада,  таң  қалуға  болмас.

Азаматхан  Әміртай

«Байтақ»  жасылдар  партиясының төрағасы

Алдыңғы жазбаҚазақстанда петицияларды қарауға жаңа шарттар енгізілуі мүмкін
Келесі жазбаЖоғарғы сот өкілі Самат Әбішке қатысты үкім туралы айтты