Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллинаға ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбіштің 8 жылға шартты түрде сотталуы қаншалықты заңды деген сұрақ қойылды.
Рахметуллинаның айтуынша, мұндай жағдайларда шартты түрде соттау жиі кездеседі.
«Шартты жаза жиі қолданылады. Ол аса ауыр қылмыстар үшін қолданылмайды, егер жазалау мерзімі 12 жылдан асқан болса, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін қолданылмайды. Ол адамның бұрын сотталған-сотылмағаны, мінездемесі, қылмыс жасау кезінде келтірілген залалды өтеген-өтемегені ескеріледі. Шартты жаза жиі қолданылады, нақты цифрларды қазір айта алмаймын», – деді сот алқасының төрайымы Парламент кулуарында.
Ол Қылмыстық кодекстің 63-бабында шартты түрде жаза қолданылмайтын қылмыстардың тізімі бар екенін айтты.
«Тыйым салынбаған жағдайда, шартты түрде жаза қолдануға негіз бар ма, жоқ па, сот жеке-жеке шешім қабылдайды», – деді алқа басшысы.