Home Жаңалықтар Қазақстанда петицияларды қарауға жаңа шарттар енгізілуі мүмкін

Қазақстанда петицияларды қарауға жаңа шарттар енгізілуі мүмкін

70

Қазақстандықтардың петициясын қараудың ең төменгі шегі ұлғаюы мүмкін. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты.

Министрдің айтуынша, қоғамда петицияларды қарау шегін ұлғайту туралы мәселе көтеріліп жатыр, қазір ол – 50 мың қол.

«Бір-бірімен келіспейтін тараптар петицияны қарау үшін қолдар санын көбейту керек деген мәселелерді көтеріп жатыр. Біз, әрине, бұл ұсыныстарды қарастыруға мәжбүр боламыз. Біз қандай да бір сұрақтардың алауыздық тудыруына жол бермеуіміз керек. Сондықтан азаматтардың пікірін тыңдау маңызды. Соңғы апталарда өтініштерді қарау кезінде шекті ұлғайту керек деген мәселе көтеріліп жатыр», – деді Балаева Сенат кулуарында.

Айта кетейік, ережеге сәйкес, E-Petition.kz порталында жарияланған қазақстандықтардың петициялары 50 мыңнан кем емес қол жинауы керек. Осыдан кейін олар үкімет деңгейінде қарастырылады. Сайт жұмыс істеген кезден бастап төрт петиция 50 мың дауыс жинап үлгерді.

Алдыңғы жазбаҚазақстанда террорлық шабуылдың алды алынды
Келесі жазбаҚТЖ-ның қарызын кім жабады?