Home Жаңалықтар ҚР СІМ Үндістан мен Пәкістан арасындағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады – Ел...

ҚР СІМ Үндістан мен Пәкістан арасындағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады – Ел жаңалықтары

31

Қазақстан Үндістан мен Пәкістан арасындағы әскери-саяси жағдайға байланысты алаңдаушылық білдіреді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан екі ел арасындағы ашық және конструктивті саяси-дипломатиялық диалог қазіргі дағдарыстан шығудың жалғыз тиімді және қолайлы жолы деп санайды.

Қазақстан тараптарды, ең алдымен, ахуалдың одан әрі ушығуын алдын алу үшін аймақтық және жаһандық қауіпсіздіктің негізгі мүдделеріне негізделген барынша сабырлылық пен халықаралық құқық нормаларын сақтауға шақырады», – делінген СІМ мәлімдемесінде.

Еске салайық, мұның алдында Пәкістанның Үндістан әскерінің екі ұшағын құлатқаны жайлы хабарланған болатын. Пәкістан әскері Үндістан әскери-әуе күштерінің екі ұшқышын тұтқындап, сәрсенбі күні таңғы уақытта елдің әуе кеңістігі ережесін бұзды деген айыппен олардың ұшақтарын атып түсірген еді.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаМемлекеттік сыйлық кімге, қалай беріледі?
Келесі жазба«Ер адам балконнан айғайлап жатты. Бәрінде үрей болды» – Куәгерлер Тараздағы жарылыс жайлы – Ел жаңалықтары