Home Жаңалықтар Ақтауда жаппай төбелестің неден шыққаны анықталды

Ақтауда жаппай төбелестің неден шыққаны анықталды

44

Ақтауда оқушылардың не үшін төбелескені белгілі болды, -деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Амангелді Халмұрадов айтты.

26 жасөспірімнің қатысуымен болған жаппай төбелеске футбол ойынында болған жандалдасу түрткі болған.  «Қалалық әкімдік өкілдері, білім бөлімі және ювеналды полиция қызметкерлері жасөспірімдермен профилактикалық жұмыстар мен түсіндіру шаралары жүргізілді. Төбелеске қатысқандар № 12 және № 16 мектептің 9-10-сынып оқушылары», – деді Амангелді Халмұрадов.  Төбелескендердің біреуй ойыншық тапанша ұстаған.  «Қару ойыншық болып шықты. «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалмайды. Төбелестен ешкім зардап шеккен жоқ, полицияға шағым айтып келгендер де болмады», – деді өңірлік ПД басшысының орынбасары
Kaz.tengrinews.kz

https://youtu.be/wte99ydB_IQ

Алдыңғы жазбаАлматылық қыздарды Оңтүстік Кореяда жезөкшелікке мәжбүрленген
Келесі жазбаАлматыда порностудия әшкере болды