Home Жаңалықтар Алматыда сәбимен келе жатқан әйелді жаяу жүргіншілер жолында көлік қағып кетті –...

Алматыда сәбимен келе жатқан әйелді жаяу жүргіншілер жолында көлік қағып кетті – Ел жаңалықтары

46

Алматыда жаяу жүргіншілер көлік астына түсті, – деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы «Территория происшествий» бағдарламасының тілшісі.

Оқиға Ақжар шағын ауданында, МАИ бекетіне жақын жерде болды.

Land Cruiser 200 жүргізушісінің айтуынша, ол Жандосов көшесімен шығыс бағытта қозғалып келе жатқан. Әйел баламен жаяу жүргіншілер жолағында кенет пайда болып, тоқтауға үлгермей қалған. 

Әйел мен бала түрлі жарақат алып, жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайын қалалық полицейлер анықтап жатыр. 


© СТВ телеарнасындағы «Территория происшествий» бағдарламасы



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаҚостанай облысында қасқыр ауыл тұрғындарына шабуылдаған – Тосын жай
Келесі жазбаАстанада өртсөндірушілер жанармай бекетінде жарылыстың алдын алды – Тосын жай