Home Қоғам Қорғаныс министрлігі құлаған тікұшаққа қатысты мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрлігі құлаған тікұшаққа қатысты мәлімдеме жасады

24

Ақтөбе облысында тікұшақ құлаған жерге қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша министрдің орынбасары – әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов басқаратын арнайы комиссия келді.

Ұшақ апатының алдын ала себебі техникалық ақау деп қарастырылып жатыр.

«Түпкілікті қорытынды тергеу жүргізілгеннен кейін жасалады. Зардап шеккен экипаж мүшелері қажет медициналық көмекпен, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген және мамандардың бақылауында», – деп жазылған хабарламада.

Қорғаныс министрлігі қаза тапқан әскери қызметшінің туыстарына материалдық төлем, барлық қажет қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, Ми-8 тікұшақтары еліміз тәуелсіздік алғаннан бері Әуе қорғанысы күштерінің қолданысында. Техниканың бұл түрі 50-ден аса елде қолданылады және өзінің көп функционалдығы, сенімділігінің арқасында әлемдегі ең көп сұранысқа ие тікұшақтардың бірі.

«Бұл тікұшаққа соңғы күрделі жөндеу 2023 жылы Алматы қаласының 405 авиациялық-жөндеу зауыты базасында жасалды. Барлық регламенттік жұмыс, оның ішінде ұшу алдындағы дайындық нормативтерге сәйкес орындалды.

Тікұшақ экипажының да айтарлықтай тәжірибесі бар, күндіз де, түнде де қиын метеорологиялық жағдайларда, оның ішінде төтенше жағдайларға тап болған кезде де тапсырмаларды орындау үшін кәсіби түрде дайындалған», – деп жазылған хабарламада.

Алдыңғы жазбаАқтөбе облысында тікұшақ құлады
Келесі жазбаТоқаев Дүниежүзілік климат саммитінде сөз сөйледі