Соңғы уақытта түрлі әлеуметтік желілерде аралас некелерді насихаттайтын видео таспалар қаптап кетті. Әсіресе қазақ пен орыс ұлтының арасындағы некелер. Оның ішінде қазақ жігіттері мен орыс қыздарының отбасын құруы ерекше дәріптеліп жүр. Және арасында РФ-дан келген келіндер көп.
Құдай-оу, қандай мадақ пен мақтаулар төгілмей жатыр орыс келіндердің атына. Олар қазақ тілін де үйреніп жүр екен. Екі-үш жылда бірнеше сөзді меңгеріп те үлгерген. Енелерімен де тату-тәтті екен. Бірақ бөлек пәтерлерде тұрып алыстан керемет сыйласады.
Баланы да туып үлгеріп жатыр. Тек орысша шүлдірлегені болмаса, тым жақсы балалар. Ас үйден шықпайтын көрінеді, терлеп-тепшіп жүріп ет асуды да үйренген. Неткен ғажап келіндер десеңші.
Бірақ, ет асудың не қиындығы барын өз басым түсінбедім. Кезінде интернационалдық студенттік құрылыс отрядында, арамызда қыз бала болмаған соң, өзім де 40 немістің студентіне ет асып бергем. Қамырын да өзім жайдым. Ең оңай дайындалатын ас.
Етті суға салып қайнатасың. Көбігін алып пісіресің Қамырын ысып, картобымен сорпаға салып, дайын болғанда бір табаққа түсіресің. Піскен етті турап бетіне саласың. Тұздығын құясың. Бітті шаруа. Соны орыстың келіні үйренді деп әжептәуір қылады. Ол аз болса күйеуінің де көңілін аулайды-мыс. Қысқасы қазақ үшін идеал әйел орыс екен. Ал бұл не дәріптеу сонда? Кездейсоқтық па? Жоқ әрине.
Бұл қазақты, қазақтың қазақы болмысын менталитетін жоюдың жаңа, жұмсақ саясаты. Кезінде қазақты отарлады, толық жеңе алмады, аштықпен қырды, жоя алмады, атып, дарға асып, репрессияға ұшыратты, сағын сындыра алмады.
Енді ондай күштік жолмен жеңбесін біліп, іштен ірітуге көшті. Аралас некелер соның ең тиімді де, ұтымды жолы. Сендер мына фотолардағы қазақ еркектердің, олардың артынан балаларының, немерелерінің қалай орысша шүлдірлеп жүргендерін естісеңдер…. Ұлт ретінде құрдымға кетудің алғашқы қадамы бұл.
Сол қазақсымақ еркектерден сұрайын деп едім. Сендердің қай тақияларыңа қазақтың қыздары тар келді?Әлде сендерді қазақтың бетке ұстар арысы Әлихан Бөкейхановтың және оның ұрпағының қасіретке толы тағдыры ешнәрсеге үйретпеді ме?
Ол да орысқа үйленем деп пәлеге ұрынды емес пе. Көрем десеңдер жүр ғой анау Мәскеуде сорлы шөбересі «Қазақстан для меня чужая страна» деп. Соның кебінін қалайсыңдар ма ұрпақтарыңа?
Неге туған тілді басқаша емес, Ана тілі дейді? Неге мәселен Ата тілі немесе Баба тілі әлде Әке тілі демеген. Себебі тіл деген құдырет Ананың сүтімен беріледі.
Еркек түзде азық іздеп жүргенде балаға негізгі тәрбиені беретін де сол Ана. Неге сен сорлылар сол қарапайым қағиданы ұқпайсыңдар, тіпті қаперлеріңе де алмайсыңдар?
Қазақта қазір кім көп, жалғыз басты әйелдер көп. Жастар арасында 10 қызға 8 жігіттен келеді. Неге сендер соларды алдымен жарылқап алмайсыңдар? А? Не, қазақтың қызы сендерге ет асып бере алмайтын ба еді? Әлде олар бала тумайтын қысыр қалғандар ма? Өй, өңшең мисыз бұзаулар. Кім қайда тартса солай қарай салпаңдап кете бересіңдер
Неге қазақ жігіттері сонша үйір бола бастады орыс қыздарына? Бұл жерде, меніңше, үш фактор әсер етті.
Біріншісі, орыс қыздарының ашықтығы, еркекпен әңгімеде өздерін еркін ұстауы және инициативаны тез арада өз қолдарына алатын пысықайлығы.
Екіншіден, орыс қыздары, жігіті тым ұзақ ойланып кетсе өздері де үйленейік деуге арланбайды.
Және үшінші ең басты себеп. Бүгінде Ресей Федерациясы Украинамен қақтығыста миллионға жуық еркек кіндіктіден айрылды. Және олардың бәрі дерлік үйленетін не бала таптыра алатын жаста болатын. Миллион еркекке кеміді де қалды. Демек Ресейде және бізге қашып келгендердің арасында қазірдің өзінде кемінде бір миллион жесір мен тұрмыс құрып үлгермеген қыздар жүр. Олардың бәріне бір амалын тауып өмірлерін жайғастыру керек. Олар да тұрмыс құрып, баспаналы болып, бала сүйгісі келеді. Еркегі күрт азайған өз елінде шанс аз. Енді қайдан іздейді байды? Әрине орысшаға жүйрік келетін, әрі Қазақстанда титулды ұлт саналатын қазақ жігіттері ең ыңғайлы кандидатура. Өз тұрмысын жайған үшін олар қазақ түгілі құбыжықтар да тиюге дайын.
Әй, мисыз бұзаулар, сендер олар үшін өз өмірлерін қалыпқа келтіретін инструментсіңдер. Соны түсінемісіңдер? Сендерді бір түсінсе, қадірлеріңді түсінер адам болса, жанашырың болар жан болса, ол қазақтың қара қызы. Әрине ол үшін өздерің де қазақтың қыздарына сай болуларың керек.
Мұхтар ТҮМЕНБАЙ, қоғам белсендісі. (ФБ парақшасынан)