Home Басты жазба Қазақстанның  қауіпсіздігі  қай  деңгейде?  

Қазақстанның  қауіпсіздігі  қай  деңгейде?  

81

Жалпы  еліміздің  қауіпсіздігі  қай  деңгейде?   Осы  мәселеге  байланысты  ойланға  тура келіп тұр. Неге? Себеп  бар. Мәселен,  осыдан  бірер күн  бұрын, Ресей  СІМ  өкілі  Мария Захарова, «19-20  маусым күндері  ондаған  Украина  дорндары Қазақстан территориясы арқылы Ресейге  ұшып келген»  деген   мәлімдеме  жасады.

Тіпті сол кезде Маңқыстау  облысының  бір  жерінен   белгісіз дрон  табылып,  біраз  шу  болғаныда белгілі. Енді  міне, Ресей  СІМ  өкілі  гөй – гөйлеп  жатыр.  Егерде  рас болатын  болса,  бұл  енді Украина  тарапынан  жасалып  отырған  арандату.  Неге  ресми Киев  Астананың рұқсатынсыз  дрондарын  ұшырады? Демек, бұл  Қазақстанды  Ресеймен араздастырудың  бір  жолы. Еліміздің  әуе  қорғаныс күштері қайда  қарап  отыр? Тәуелсіз елдің   шекарасына енген  дрондарды  неге атып  түсірмеген? Әлде  Қазақстанның   әуе кеңістігі  қорғалмаған  ба?  Бұл  дегеніміз  еліміздің   қауіпсіздігіне  төнген  қатер. Қорғаныс Министрлігі бұған  жауап  беруі керек.  Неге  үнсіз? Рас,  бұған  дейінде  еліміздің  батыс  өңірінен  бірнеше  мәрте  бөгде  дрондар  табылғаны  белгілі. Бірақ  әлі күнге  бұл  мәселелерге  байланысты, Қорғаныс министрлігі  мандытып мәлімдеме жасаған  емес.

Азаматхан  ӘМІРТАЙ

Алдыңғы жазбаҮШ ӨЛІП, ҮШ ТІРІЛГЕН ИРАН…
Келесі жазбаҚазақстан 46 миллиард теңге қарыз алады