Home Басты жазба Қазақстанға соққы беретін дрондар қажет!

Қазақстанға соққы беретін дрондар қажет!

30
Украина соғысында арзан әрі қарапайым қарудың маңыздылығы байқалды. Қарапайым болған сайын, жасау оңайға соғады. Арзан болған сайын, көбірек жасау мүмкіндігі туады. Сан қарсыластың қорғанысынан бәрібір саңылау табады.
Мысалы Зеленский бүгін былай деді: «Өткен жылы біз 154 дана артиллерия жасадық. Бұл НАТО елдері жасап шыққан саннан көп деген сөз. Біз былтыр 1 млн дрон жасаймыз деп ойлағанбыз. Бірақ біз 2,2 млн FPV дрон жасадық және оның 100 мыңға жуығы алыс қашықтыққа ұшатын дрондар саналады. Ал биыл біз одан да көп жасаймыз деп ойлап отырмыз».
Қазір Украина Ресейдің әскері мен техникасын жоюда 80 пайыз дронға арқа сүйейді. Яғни авиация, танк, артиллерия сияқты дрон да аса маңызды қаруға айналды.
Украинаның артықшылығы қазір 20-ға жуық дрон шығарады. Оның көбін кіші стартап жобалар бастаған, кейін оларды мемлекет қаржыландырып, үлкен маңызға ие болды. Күніне 4-7 мың дрон жасалады. Барлау, соққы жасау, теңіз дрондары дегендей. Әрине кей бөлшектер сырттан келеді, бірақ украиндер бұл салада әбден ысылып, машықтанып алды.
Енді осы арзан дрондар Ресейдің қорғанысында саңылау табуда. Бір мезетте жүздеген дрон ұшырылады. Оның көбін Ресейдің әуе қорғаныс жүйесі қағып түсіреді, алайда 5-6 дрон бәрібір діттеген нысанаға тиеді. Сөзіме апта сайын соққыға ұшырайтын МӨЗ-дер дәлел.
Ресей де осы тактиканы қолдануда. Бір мезетте жүздеген дрон атады. Кеше мысалы рекорд жасап, 267 дрон ұшырды. Дронның көбін Украина атып түсіреді. Алайда 5-10 дрон бәрібір нысанаға тиеді. Себебі Әуе қорғаныс жүйесі барлығын атып үлгермейді. Жаппай дрон ұшырудың мақсаты да сол ғой. Әуе қорғаныс жүйесіне салмақ салу.
Оның үстіне Patriot сынды әуе қорғаныс жүйелерінің зымырандары тым қымбат тұрады. Оның құны 1 млн доллардан басталады. Ал Ресей қолданатын Shahed-тердің құны 25-30 мың доллар. Осылайша арзан дрон қымбат зымыранды жем етеді. Ал Украинаның серіктестері Patriot-қа арналған зымырандарды көп бере алмайды. Өйткені саны шектеулі. 100-200 данадан беріп келеді.
Украинаның дрондары да арзан. 10-15 мың долларлық дрондар. Бірақ эффектісі жақсы. Бір шабуылда дәл осындай дрон мұнай өңдеу зауытына тиіп, оның жұмысын тоқтата білсе, онда Ресей белшеден шығынға батады. Мұнай зауыты млндаған доллар шығын арқалайды. Кей мұнай өңдеу зауыттары былтырдан бері жабық тұр және млрд долларға жуық шығынға ұшыраған. Бір ғана арзан дронның зауалы.
Арзан қару эффективті болу үшін оның саны аса көп болуы тиіс. Мысалы Пентагонның Defense Innovation Unit бөлімі әскери мақсатта қолданылатын дрондардың санын арттырып, тізімге қосымша 37 дронды қосты. Олар арзан әрі тиімділікке мән беруде. Енді Пентагон дрон саласында санға басымдық бермек.
Бізге де әлем не істеп жатыр, соны істеу керек. Дрон жасайтын стартап жобаларды қолдау қажет. Кез келген дронды дамыта беруіміз керек. Біз зымыран жасай алмайтын шығармыз (мүмкін жасармыз), бірақ 100 пайыз дрон жасай аламыз. Бірнеше типін жасап та шықтық. Соны тоқтатпау керек.

Асхат Қасенғали ФБ  парақшасынан

Алдыңғы жазбаҚазақстанда АЭС құрылысының аумағы бекітілді
Келесі жазбаБудапешт келісімі, Қазақстанға қалқан бола ала ма?