Home Жаңалықтар СІМ Лукашенко мен Назарбаевтың телефон арқылы сөйлесуіне қатысты пікір білдірді

СІМ Лукашенко мен Назарбаевтың телефон арқылы сөйлесуіне қатысты пікір білдірді

45

Сыртқы істер министрлігі Нұрсұлтан Назарбаев пен Беларусь президенті Александр Лукашенконың телефон арқылы сөйлесуіне қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Демалыс күндері Беларусь президентінің баспасөз қызметі Александр Лукашенко мен Нұрсұлтан Назарбаевтың телефон арқылы сөйлескені туралы баспасөз хабарламасын жариялады, онда олар халықаралық жағдайды, аймақтағы жағдайды және Беларусь-Қазақстан қарым-қатынасын талқылағаны атап өтілді. Бұған қалай пікір айта аласыз» – деп сұрады журналистерге Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтан брифингте.

«Беларусь президенті – Тұңғыш президенттің ежелден серіктесі. Бұл ретте өздеріңізге белгілі, сыртқы саясатты, оның ішінде шет мемлекеттермен қарым-қатынасты анықтау Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құзыреті болып табылады. Сондықтан, Қазақстан-Беларусь қарым-қатынасы тек қазіргі президенттер арасында талқылануы мүмкін», – деп жауап берді ол.

Еске салайық, Беларусь президенті баспасөз қызметінің Telegram-арнасы жексенбіде түстен кейін Александр Лукашенко Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен сөйлесіп, халықаралық жағдайды, аймақтағы жағдайды және Беларусь-Қазақстан қарым-қатынастарын талқылағанын хабарлады.

Алдыңғы жазбаҚаңтар оқиғасы: Талдықорғанда әскери қызметкер екі адамның өлімі үшін сотталды
Келесі жазбаҚазақстанда 1 шілдеден бастап сұйытылған газ қымбаттайды