Home Жаңалықтар Қазақстанға қарсы болатын ойында Ресей құрамасының үздік ойыншысы алаңға шықпайды – Футбол

Қазақстанға қарсы болатын ойында Ресей құрамасының үздік ойыншысы алаңға шықпайды – Футбол

29

Евро-2020 іріктеу матчтарының бастапқы ойынында Бельгия құрамасы Ресейді жеңді, – деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Брюсселде өткен I тобының ойыны 3:1 есебімен аяқталды. Матчта үш гол бірінші кезеңде, тағы бір гол екінші кезеңде салынды. 14-ші минутта Юри Тилеманс Бельгияны алға шығарды, бірақ 16-шы минутта Денис Черышев қарсылас команданың қақпашысы Тибо Куртуаның қателігін пайдаланып ойын есебін теңестірді. Одан кейін, Эден Азар дубль жасады. Ол 45-ші минутта пенальтиді сәтті іске асырып, ал 88-ші минутта ойын кезінде гол соқты. Бұл матчта Ресей құрамасында ойыншылар саны ойын барысында азайған. Себебі 91-ші минутта «Монако» клубының ойыншысы Александр Головин ойын барысында екі рет сары қағаз алды. Сөйтіп ол ендігі кездесуді өткізіп алады.

I тобының басқа матчтарында Қазақстан Шотландияны 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Ал Кипр өз алаңында Сан-Марино қақпасына 5 гол соқты. Есеп 5:0 Кипрдың пайдасына. Екінші турда Қазақстан өз алаңында Ресейді қабылдайды. Ойын 24 наурызда елордада Астана уақытымен сағат 20.00 болады. Дәл осы күні сағат 23.00 Сан-Марино – Шотландия өзара кездеседі. 25-сі күні сағат 01.45-те Кипр – Бельгия ойнайды. 



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаТоқаев Армения және Тәжікстан Республикаларының Президенттерімен телефон арқылы сөйлесті – Ел жаңалықтары
Келесі жазбаАтырау әкімі бүлдіршіннің тұсауын кесті – Ел жаңалықтары