Home Жаңалықтар Дәрігерлер өгей анасынан қорлық көрген жасөспірімдердің жағдайын айтты

Дәрігерлер өгей анасынан қорлық көрген жасөспірімдердің жағдайын айтты

50

Жетісайда өгей анасынан қорлық көрді деген жасөспірімдердің жағдайы туралы дәрігерлер айтып берді, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Оtyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, үш жасөспірімнің денесінен көптеген жарақаттар, маңдай және оң аяғында инфекциялық жаралар және дененің көгеруі анықталған.

«12 сәуірде Жетісай аудандық ауруханасына үш жасөспірім түсті. Түскен кездегі жағдайы қанағаттандырарлық. Қыздарды травматолог, неврапатолог және психолог тексеріп шыққан. Денесінен көгерген іздер, түрлі жарақаттар анықталып, травматология бөліміне жатқызылды. Қазір қажетті емін алуда. Арнайы психолог жасөспірімдермен жұмыс істеп жатыр», – деді Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Мира Сүлейменова.

Аталған жәйтқа қатысты Жетісай ауданындағы полицейлер қылмыстық іс қозғаған.

kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазба«Дос-Мұқасан» солисі «Эйр Астана» қызметшісін ұрған
Келесі жазбаПерудің бұрынғы президенті атылып өлді