«Ювентус» пен «Атлетико» арасында Чемпиондар лигасы 1/8 финалының қарымта матчы өтті, – деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Италиялық «Ювентус» өз алаңында испаниялық клубты 3:0 есебімен жеңді. Криштиану Роналду хет-трик авторы атанды. Ол 27-ші және 49-ші минуттарда баспен гол соққан. Ал 86-шы минутта пенальтиді дәл орындап, екі ойынның қорытындысы бойынша «Ювентусты» ширек финалға алып шықты.
Осыған дейінгі кездесуде «Атлетико» 2:0 есебімен жеңген еді. Осылайша «Ювентус» 3:2 есебімен келесі кезеңге өтті.
Қатар өткен басқа матчта «Манчестер Сити» 7:0 есебімен «Шалькені» ойсырата жеңді. Дубльді Серхио Агуэро жасады, ол 35-шы минутта айып добын соқты. 38-шы минутта ойын кезінде есептті тағы да өзгертті. Ал ойынның 42-шы минутында Лерой Сане көзге түсіп есепті ұлғайтты. Оған қоса ол үш нәтижелі пас шығарды. Қалған голдардың авторлары: 56-шы минутта – Рахим Стерлинг, 71-шы минутта – Бернарду Силва, 78-шы минутта – Фил Фоден, 84-шы минутта – Габриэл Жезус. Бірінші матчта 3:2 есебімен қонақта болған ойында «Сити» жеңіске жеткен. Қос ойынның нәтижесі бойынша 10:2 есебімен «Манчестер Сити» жеңді.
Бұған дейін «Манчестер Юнайтед» қонақта франциялық ПСЖ-ны 3:1 есебімен ұтып, қонақта соққан голының арқасында ширек финалға жолдама алған болатын. Екі ойыннан кейін 3:3 (0:2, 3:1) есебі тіркелді.
Ал португалиялық «Порту» италиялық «Романы» 4:3 (1:2, 3:1) есебімен жеңді. Англиялық «Тоттенхэм» немістің «Боруссиясын» (Дортмунд) 4:0 (3:0, 1:0) есебімен ойсырата ұтқан. Ал голландиялық «Аякс» испаниялық «Реалды» 5:3 (1:2, 4:1) есебімен жеңіп, Чемпиондар лигасының қазіргі жеңімпазын жарыстан шығарып тастады.
Чемпиондар лигасының 1/8 финалы «Барселона» (Испания) – «Лион» (Франция) және «Бавария» (Германия) – «Ливерпуль» (Англия) командаларының қарымта матчтарымен аяқталады.
[ad_2]
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz