Home Жаңалықтар Полицейлер өзара шығып төбелесті: Видеоға қатысты қызметтік тексеріс жүріп жатыр – Тосын...

Полицейлер өзара шығып төбелесті: Видеоға қатысты қызметтік тексеріс жүріп жатыр – Тосын жай

39

ҚР Ішкі істер министрлігі Желіде пайда болған видеоға байланысты қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Бұл жөнінде Tengrinews.kz тілшісіне ведосмтвоның ресми өкілі Алмас Сәдубаев айтты. Бейнежазбада жол полицейлерінің өзара шеткері шығып төбелесіп жатқаны көрініп тұр.

Әлеуметтік желіде таралған бейнежазбада екі жол полицейі қарым-қатынастарын төбелес арқылы шешкен. Дәл сол уақытта олардың маңында әріптестері төбелеске араласпай, қарап тұрған.

Видеода былапыт сөздер бар!

Алмас Садубаев полиция қызметкерінің кез келген қызметтік тәртібін бұзатын жат қылықтың дұрыс емес екенін айтты.

«Бұл жағдайлар біздің абыройымызды өсірмейді. Полицейлер төбелескен видеоға қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Оларға және басшыларына заңда көрсетілген шаралар қолданылады. Тексерудің нәтижесін жариялаймыз», – деді ведосмтвоның ресми өкілі.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаТүркістан абат баққа айналмақ
Келесі жазба"Хайвилл Қазақстан" ғимаратының өрттен кейінгі көрінісі