Қазақстанда VIP-нөмірлерге сұраныс артты. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мәлім етті.2023 жылы мамандандырылған ХҚКО-лар 30 мыңға жуық жоғарғы сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлерін берген. Олар үшін көлік иелері 10 миллиард теңгеден аса қаражат жұмсаған. 2022 жылмен салыстыратын болсақ, қазақстандықтардың VIP-нөмірлерге жұмсаған қаражат көлемі 7 миллиард теңгеден асқан.
«Жалпы, 2023 жылы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында республика бойынша 3,2 миллионнан аса көлік тіркеліп, 1,1 миллион жүргізуші куәлігі берілді», – делінген хабарламада.
Еске салайық, Қазақстанда VIP-нөмірлерді сату тәжірибесі 2014 жылы енгізілген. Сатудан түскен қаржы ел бюджетіне түседі.