Home Жаңалықтар Атырауда мұз үстінде көлікпен «сырғанаған» жүргізуші іздестіріліп жатыр – Ел жаңалықтары

Атырауда мұз үстінде көлікпен «сырғанаған» жүргізуші іздестіріліп жатыр – Ел жаңалықтары

33

Атырау полицейлері мұз болған Жайық өзенінде көлік жүргізген адамды іздестіріп жатыр, – деп хабарлайды Мой город.

Белгісіз жүргізуші қара түсті белгісіз маркалы көлікпен екінші күн қатарынан мұз үстінде жүргенін куәгерлер көрген.

Атырау полицейлері қала тұрғындарынан көліктің маркасы мен нөмірін «102» нөміріне хабарлауды сұрайды. Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 

Қазіргі уақытта жедел әрекет ету орталығының мамандары жүргізушіні бейнебақылау камералары арқылы іздестіріп жатыр. 

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаҰҚК ШК басшысы Қырғызстан шекарасындағы қазақстандықтың өліміне қатысты пікір білдірді – Ел жаңалықтары
Келесі жазбаДимаш Құдайберген өзін Майкл Джексон мен Фредди Меркьюримен салыстыруға қатысты пікір білдірді – Әуен