Мемлекет басшысы 18-19 қаңтар күндері Италия және Ватикан мемлекеттеріне ресми сапармен барады
Қасым-Жомарт Тоқаев сапарының алғашқы күні Рим қаласында Италия президенті Серджо Маттарелламен, премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөз жүргізеді.
Сонымен қатар президент «Қазақстан-Италия» инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр.
Мемлекет басшысы келесі күні Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездеседі. Бұдан бөлек президент БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) және Дүниежүзі азық-түлік бағдарламасының (WFP) штаб-пәтерлеріне барады.