Home Жаңалықтар Қазақстанда қолма-қол ақшаға шектеу қою талқыланады – Қаржы-қаражат

Қазақстанда қолма-қол ақшаға шектеу қою талқыланады – Қаржы-қаражат

68

Қазақстанда қолма-қол ақшаға шектеу қою талқыланады. Бұл туралы үкімет отырысында Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Көлеңкелі экономикамен күресу үшін біз қолма-қол ақшаны қысқартып, қолма-қол ақшасыз айналымға көшу туралы талқылауға дайынбыз», – деді Ақышев.

Оның айтуынша, Ұлттық банк қаржылық секторды жандандыру саясатын жалғастырады.

«Несиелеуді кеңейту мақсатындағы ең маңызды шара – ол кепілді несиелерге басымдық беру туралы заңға өзгеріс енгізу. Яғни қазіргі заңға өзгертулер енгізу керек»,- деді Данияр Ақышев.

Еске салайық, қолма-қол ақшаға шектеу қою туралы 2015 жылы талқыланған еді. Сол кезде ұлттық экономика министрі болған Ерболат Досаев ақшаның 70 пайызы қолма-қол ақшадан тұруы дұрыс еместігін айтқан болатын. 

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаЖауһар жырлардың иесі еді…
Келесі жазба«Бұл өз таңдаулары» – вице-министр қаза тапқан бес баланың ата-анасының түнгі жұмысы жайлы – Ел жаңалықтары