Home Жаңалықтар Роза Рымбаева Украина төрінде халықаралық жүлдеге ие болды (фото)

Роза Рымбаева Украина төрінде халықаралық жүлдеге ие болды (фото)

50

Роза Рымбаева Украина төрінде «Жыл адамы» халықаралық жүлдесінің иегері атанды. Отандық эстрада дүлдүлі өнер мен мәдениет саласының дамуына елеулі түрде үлес қосқаны үшін марапатталған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл қуанышты хабарды бірінші болып әншінің ұлы Әли Оқапов Instagram желісі арқылы хабарлады. Ол анасының жетістігін мақтан етіп, көпшіліктен сүйінші сұраған.

Анықталғандай, халықаралық жүлдені салтанатты түрде табыстау рәсімі Киев қаласында өткен.

«Роза Рымбаева – жыл адамы. Украина 2019. Беларусия мен Ресейден кейін, енді міне Украина да анамды үлкен жүлдемен марапаттады» , – деп жазған Оқапов.

Алдыңғы жазбаӘсет Исекешев президент әкімшілігінің жетекшесі қызметінен босатылды
Келесі жазбаТөреғали Төреәлі тағы да ұшақ бортында заң бұзды (фото)