Home Жаңалықтар Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестициялар 7,8% өсті

Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестициялар 7,8% өсті

45

Қазақстанда негізгі капиталға салынғанинвестициялардың көлемі 2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында 3 879,3 млрд. теңгені құрады.

Бұл 2018 жылдың ұқсас кезеңіменсалыстырғанда 7,8% –ға артық, деп хабарлайды«ҚазАқпарат» ХАА ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтемежасап.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгіүлесі қаңтар-мамыр айларында тау-кен өндіруөнеркәсібі мен карьерлерді қазуда (54,6%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (12,7%), тасымалдау және қоймалау (7,3%) болды. Ірікәсіпорындар инвестицияларының көлемі 2 451 млрд. теңгені құрады.

Асхат Ахметбеков

ҚазАқпарат

Алдыңғы жазбаҚазақстандықтар Нұр-Сұлтаннан Токиоға тікелей ұшатын болады
Келесі жазбаТүркістан облысын дамытудың төрт бағыты айқындалды