Алматыда екі адам коронавирус жұқтырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің сайтына сілтеме жасап.
«Коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам Алматы қаласында тіркелді.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 34 адам, Алматы қаласында – 28 адам, Қарағанды қаласында — 2, Алматы облысында — 1 адам, Ақтөбе облысында — 1 адам, жалпы 66 науқас тіркелді«, — делінген хабарламада.
Еске салайық, мұның алдында бүгін Нұр-Сұлтанда екі адамнан коронавирус анықталғаны хабарланған еді.
































