14 қыркүйек күні Нұр-Сұлтанда күрес түрлерінен лицензиялық әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат olympic.kz-ке сілтеме жасап Елорда төріндегі әлемдік сынға қатысатын грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы анықталды.
Алайда, екі салмақ бойынша кімдердің қатысатыны әлі белгісіз. 60 және 82 келіге дейінгі салмақта ел намысын нақты кімдердің қорғайтыны жақын күндері анықталмақ. 60 келіде Мейрамбек Айнағұлов пен Айдос Сұлтанғалидің біріне таңдау түссе, 82 келіде Мирас Баршылықов пен Мақсат Ережепов чемпионат жолдамасына таласады. Грек-рим күресінен Қазақстан командасының тізімі:
55 келі: Қорлан Жақанша
60 келі: Мейрамбек Айнағұлов/Айдос Сұлтанғали
63 келі: Алмат Кебіспаев
67 келі: Мейіржан Шермаханбет
72 келі: Демеу Жадыраев
77 келі: Асхат Ділмұхамедов
82 келі: Мирас Баршылықов/Мақсат Ережепов
87 келі:Азамат Күстібаев
97 келі: Ерұлан Ысқақов
130 келі: Дамир Күзембаев
inform.kz