Home Қоғам Қазақстанда ірі алаяқтар ұсталды

Қазақстанда ірі алаяқтар ұсталды

17

ІІМ криминалдық полиция қызметкерлері аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстады.

Жәбірленушілерге келтірілген шығын 650 миллион теңгеден асады.

«Қарағанды қаласында 45 жастағы ер адам құрықталды. Ол 2018 жылдың шілдесінде өзі Ақтөбеде бола отырып, елордада жылжымайтын мүлік сатып алып беру сылтауымен 100 миллион теңгені иемденген. Алматыда 44 жастағы әйел ұсталды. Ол көкөністер мен жемістерді жеткізу сылтауымен азаматтарды 516 миллион теңгеден астам сомаға алдаған. Астанада 60 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ол былтыр қыркүйекте жеңілдетілген несие арқылы тұрғын үй сатып алу сылтауымен 30 миллион теңге жымқырған.

Сонымен қатар, Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында 30 жастағы қазақстандық азамат құрықталды. Ол да алаяқтық жолмен ондаған миллион теңгені қалтаға басқан», – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Жалпы қабылданған шаралардың нәтижесінде жыл басынан бері полиция 1360 қылмыскерді ұстап, 1000-нан астам жоғалған адамның орналасқан жерін анықталған.

Алдыңғы жазбаWSJ: Ресей мен Украина соғыста миллионға жуық әскерін жоғалтты
Келесі жазба2024 – ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ТІЛ ОҚЫТУШЫЛАРЫ АНЫҚТАЛДЫ