Алматы полиция департаменті жантүршігерлік апатқа байланысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство бүгін, 22 желтоқсанда сағат 18:15-те 47-маршруттағы автобустың жолаушысы (жеке тасымалдаушы – «ДуманТрансКом» ЖШС) жанжал салдарынан есінен танып, көлікті басқарған әйел жүргізушіні ұрғанын хабарлады.
”Басқарылмайтын автобус аялдаманың жанында тұрған адамдарға, сондай-ақ төрт көлікпен соқтығысқан. Осы оқиғаның салдарынан үш адам қаза тауып, тағы төртеуі дене жарақатын алып, ауруханаға жатқызылды”, – делінген полиция таратқан хабарламада.
Автобус жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.
Сараптама тағайындалды.