Home Басты жазба Иран Израильге соққы жасады

Иран Израильге соққы жасады

294

Иран Израилден кек  қайтару  мақсатында  бірінші  рет  өз  жерінен  жебірей еліне  соққы  жасады. Кем  дегенде 300 –дің үстінде зымырандармен  дрон камикадзелер  арқылы  Израилдің  стратегиялық  маңызы  бар нысандарымен  әскери  базаларын атқылады. 

Бұл  соққы  5  сағатқа   созылды. Сондай-ақ  ирандық кейбір  зымырандар  Ирак, Сирия  және  Иемен жеріненде Израилге  қарсы атылды. Ұшып келе жатқан  зымырандармен  дрондарды  жоюға  Израилдің  одақтастары АҚШ, Британия, Иордания көмектесті.  Иран  жағы «Израилдың    әскери  базалары  жойылды»  деп  хабарласа,  Израил  жағы   Иран  атқан зымырандардың  «99  пайызы діттеген  жеріне жетпей жойылды»  деп  хабар тартуда. Бұл  текетірес  соғыстың  алғашқы сәті.  Ары  қарай  не  болмақ?  Әзірге  белгісіз.

Айта  кетін  бір  жайт,  осыдан  біраз  бұрын Израил  Сириядағы Иранның  консулына  зымыранмен соққы  беріп,  онда  болған Иранның  жоғарғы  шенді офицерлерін өлтірген еді.  Иран «кек  қайтарымыз»  деп  мәлімдеме жасаған-ды. Иранның  Израилге  қарсы бүгінгі  соққысы   сол  шейіт  болған  әскери  басшылардың   кегін  қайтаруға жасаған әрекеті.

 

Алдыңғы жазбаҚазақстанда ғалымдарға жағдай жасала ма?
Келесі жазбаАқтөбе облысында 960 отбасы біржолғы төлем алды