22-24 тамыз аралығындағы ауа райы болжамы: алдағы үш тәулікте елде күн суық болады. Нөсер жауып, найзағай ойнап, күшті жел соғады деп күтілуде деп хабарлайды Қазгидромет.
Синоптиктердің хабарлауынша, еліміздің солтүстігінде күн суытуын тудырған атмосфералық бағыт оңтүстік облыстарға қарай ығысқан.
22-24 тамыз аралығында еліміздің солтүстігі мен шығысында, сондай-ақ Қазақстанның орталық аймақтарында күн суытады деп болжануда. Осы облыстардың тұрғындарын жаңбырлар, найзағайлар мен бұршақ күтіп тұр.
Сонымен қатар, желдің күшеюі күтілуде.
Ақмола облысында 22 тамыз күні күн күркіреп, бұршақ жауады, қатты жел мен тұман түседі.
Синоптиктердің айтуынша, Көкшетауда да тұман болады.
Республиканың солтүстік өңірлерінде де тұман түсіп, найғазай ойнап, бұршақ жауады.
22 тамыз күні Петропавлда қатты жаңбыр мен бұршақ жауады деп күтілуде. Ұйытқыған жел тұруы мүмкін.
Республиканың оңтүстік өңірлерінде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Қазақстанның оңтүстік-шығысында таулы және тау бөктеріндегі аудандарда алдағы үш тәулікте нөсер мен бұршақ күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында 22-23 тамызда қатты нөсер болады, себебі таулы өзендерде су көлемі көтерілуі мүмкін.
Ыстық ауа райы еліміздің батыс және оңтүстік-батыс облыстарында ғана сақталады. Мұнда ауа температурасы нормадан 3-5 градусқа жоғары болады.
Маңғыстау облысында 22 тамыз күні ауа райы 39 градус ыстық болады деп күтілуде. Синоптиктер Қызылорда облысында жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады деп болжауда.
21 Тамыз 20