Home Жаңалықтар Қазақстанда 5G енгізу қашан аяқталады?

Қазақстанда 5G енгізу қашан аяқталады?

70

Қазақстан 5G технологиясын енгізу жалғасып жатыр. Бұл туралы толығырақ цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев айтты.

Министрдің айтуынша, Кселл және Теле2 операторлары Астана, Алматы, Шымкент және облыс орталықтарында 5G байланыспен қамтуды кеңейту жұмыстарын жалғастырады.

«Бүгінде 20 қалада 1 144 базалық станса орнатылған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 5G ұялы байланысын енгізу 2025 жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс», – деді министр.

2027 жылдың аяғына дейін ұялы байланыс операторлары телекоммуникация саласына 450 миллиард теңгеден астам инвестиция салатын болады.

Алдыңғы жазбаЕлімізде 55 миллион теңге жалған банкнота тәркіленді
Келесі жазбаКәрім Мәсімовқа рақымшылық жасала ма?