Евро-2020 іріктеу кезеңінің соңғы матчында Қазақстан құрамасы Шотландиядан ұтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Глазгодағы «Хэмпден Парк» стадионында өткен ойын 3:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды .
34-ші минутта Бахтиер Зайнутдинов алыстан дәл теуіп, есеп ашты. Бірінші тайм жалғыз голмен аяқталды.
Одан кейін қазақстандықтардың қақпасына үш рет доп кірді. 48-ші, 64-ші және 91-ші минутта жергілікті жанкүйерлер дүр көтерілді.
Қазақстанның тобынан Евро-2020 турниріне Бельгия мен Ресей шықты.