Home Жаңалықтар Қарағанды облысында экологиялық акцияға 33 мыңға жуық адам шықты

Қарағанды облысында экологиялық акцияға 33 мыңға жуық адам шықты

49

Екінші апта қатарынан Қарағанды облысының тұрғындары «Бірге – Таза Қазақстан!» акциясына қатысты. Ауқымды экологиялық сенбілікке аймақтың барлық қалалары мен аудандарында 33 мыңға жуық адам шықты. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Қатысушылар арасында кәсіпкерлер, еріктілер, экологиялық белсенділер және қала тұрғындары болды.

Кеңгір су қоймасының жағалауы қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар, сенбілік Балқаш, Нұра, Есіл, Жаман Сары Су өзендері мен су қоймаларында өтті. Акцияға қатысушылар Саран су қоймасында және Балқаш қаласындағы Шығыс өнеркәсіп аймағында, Қылыш су қоймасында, Сәтбаев қаласындағы ҚТҚ полигонында қоқыстар жинады. Сондай-ақ саябақтарда, гүлзарларда және қалалар мен ауылдардың бас көшелерінде тазалық шарасы жүргізілді.

Облыс орталығында осы сенбіде «Бірге – таза Қазақстан!» атты акциясын 3 000-нан астам тұрғын қолдады. ДСК маңындағы 15-ші магистраль мен Саран тас жолының бойында акцияға қатысушылар тұрмыстық қоқыстарды алып тастады. Тазарту жұмыстары Орталық саябақтың аумағында да жүргізілді. Сонымен қатар Гапеев көшесінде гараж алаңы мен Нестеров көшесінде заңсыз қоқыс тастайтын жерлер жойылды. Кіші және үлкен Бұқпа өзендерінің арнасы және қала шегіндегі орман отырғызу аумағы тазартылды.

Полигонға 3 000 тонна қоқыс шығарылды.

BAQ.KZ.

 

Алдыңғы жазбаАтырау облысында Қытайдың 14 азаматы заңсыз жұмыс істеген
Келесі жазба04 Тамыз 2019, 16:466Басын шайқай берді – Президент кездесуінен кейін Жаманқұлов сұқбат берді