Ұлттық қауіпсіздік комитеті өзге мемлекеттік органдармен және шетел серіктестерімен бірлесіп «Жусан» операциясы шеңберінде Сириядан 595 қазақстандықты елге қайтарды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оның ішінде 400-ден астамы балалар. Елге қайтарылған адамдардардың ішінде 10 ер адам мен 5 әйел Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ халықаралық террористік ұйымының әрекетіне қатысу дерегі бойынша әртүрлі мерзімдерге бас бостандығынан айырылған. «Тергеу нұсқасы бойынша Сирияда ДАИШ-тің бір жасағында болған тағы 14 азаматқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Оларға террористік әрекетке қатысты «әрекетке тартты және терроризмді насихаттады, сондай-ақ өзге де ауыр қылмыстар жасады» деген айып тағылды», – дейді ҚР ҰҚК ресми өкілі Аркен Абдуғали. Комитет мәліметінше, қылмыстық іс материалдары Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотына берілген.
Kaz.tengrinews.kz