Синоптиктер 12-14 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы уақытта ауа температурасы жоғарылайды.
«Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, ауаның күндізгі температурасы 0…+8 градус, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста +12…+20 градус болады, бұл климаттық нормадан 4…10 градусқа жоғары. Кей жерлерде тек еліміздің батыс және шет солтүстік аймақтарында, Ресейдің Еуропалық бөлігінен жылжитын атмосфералық фронттардың ықпалынан, жауын-шашын, тұман және көктайғақ болады деп болжанады», – деді «Қазгидромет» өкілдері.
[ad_2]
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz