Home Жаңалықтар Қасым-Жомарт Тоқаев: Мемлекет өз азаматтарын тыңдауы керек

Қасым-Жомарт Тоқаев: Мемлекет өз азаматтарын тыңдауы керек

33

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам болып, жұртшылықты еңбекке баулу керектігін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет өз азаматтарын тыңдай білуі тиіс. Ең бастысы тыңдауы керек. Біз мемлекеттің әлеуметтік саясатын қайта қарауымыз керек. Ұлттық экономика – біздің қазақстандықтардың әл-ауқатына негізделуі тиіс. Басқаша айтқанда, мемлекет табысын бөлуде әділдікті күшейтуге тиіспіз. Бірақ, масылдық пиғылдың орын алуына жол берілмейді. Өкінішке қарай, бұл кесел ұлттық мінез-құлқымызға кері әсерін тигізуде. Біз бүкіл қоғам болып, жұртшылықты еңбекке баулуға тиіспіз. Табысты жұмыс істегені үшін азаматтарды қаржылай ынталандыру керек. Бұл – мемлекеттің міндеті. Біз осы міндеттерді орындауымыз керек», – деді Мемлекет басшысы елордада өтіп жатқан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысында. Еске сала кетсек, елордадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы өтіп жатыр.  «Қазақстан Президенттік басқару формасындағы мемлекет ретінде қалуы керектігіне сенімдімін. Алайда Парламент саяси жүйедегі лайықты орнын алуы қажет», – деді жиында Президент. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстанда  саяси реформалар қажеттілігі пісіп-жетілгенін мәлім етті.

inform.kz

Алдыңғы жазба«Тоқаевқа бәрін айтамын»: Шаханов президентпен кездесуде қандай мәселелерді көтермек?
Келесі жазбаТоқаев Қазақстан жерін басып алу жайлы арандатуларға ермеуге шақырды