Home Саясат Ресейлік министр Тоқаевқа Путиннің хабарламасын жеткізді

Ресейлік министр Тоқаевқа Путиннің хабарламасын жеткізді

58
Мемлекет басшысы Ресейдің Энергетика министрі Сергей Цивилевті қабылдады.

Қазақстан мен Ресей президенттерінің келісіміне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев РФ Энергетика министрі Сергей Цивилевті қабылдады.

Министр Мемлекет басшысына Ресей Президенті Владимир Путиннің хабарламасын жеткізді.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі саналатын энергетика саласындағы серіктестік перспективасы талқыланды.

Алдыңғы жазбаАҚШ Қырымды Ресейге тиесілі деп тануға дайын – Bloomberg
Келесі жазбаҚазақстандық жас өнерпаздардың биі Дженнифер Лопестің назарына ілікті