Кейбір деректерге қарағанда еліміздегі табиғи байлық 50 триллион доллардың көлемінде екен. Аз емес, әрине. Алайда соншама ырғын байлықтың қызығын қазақстандықтар көріп отыр ма? Әй, қайдам? Күмәнді.
Тәуелсіздіктің елең-алаңында тәжірибенің жоқтығы болар көптеген мемлекет үшін аса маңызды стратегиялық нысандар, кеніштер шет елдіктердің қолына өттіп кетті. Шала-жансар келісімшарттар жасалды. Олардың көпшілігі мемлекеттің, ұлттың мүддесіне сай келмеді. Сол шетелдік инвесторлардың ыңғайына қарай жасалды. Соның кесірін, зиян қазір тартып жатырмыз. Өйткені еліміздегі дария болып ағып жатқан мұнайдан да, көлдей көлкіген газдан да, әлемде өте сирек кездесетін түрлі-түсті металдарданда мемлекеттің қазынасына түсіп жатқан пайда аз. Көбі инвесторлардың қалтасын қампайтуда. Бұл аздай, байлығы мол кеніштерді игеруге алған шет елдік компаниялар өңірдің экологиясында тоздырып жіберді. Қаржы құйып, кеніштердегі бұрғылау қондырғыларына, зауыт-фабрикаларға сыртқа улы заттарды шығармайтын қымбат қондырғылар орнатқаннан гөрі, азын – аулақ айыппұл төлей салу әлдеқайда тиімді. Осының кесірінен еліміздің табиғаты тозып, халықтың денсаулығына кері әсер тиюде. Бұл дұрыс па? Әрине, жоқ. Сондықтан кезінде мемлекеттің, халықтың, жердің мүддесіне сай жасалмаған келісімшарттардың бәрі қайта қаралып, қазақстандықтардың мүддесіне сай қайта жасалғанын қалаймыз. Осы себепті, «Байтақ» жасылдар партиясы «Парасат» кәсіпкерлер альянсымен біріге отырып, қазақстандағы мұнай мен газдың 80 пайызы өндірілетін Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ кеніштеріне байланысты жасалған бұрынғы келісшартты қайта қарауды алға мақсат етіп қойып тыр. Сол үшін халықтың қолдауын қажет етіп, петиция жариялауды жөн көрдік. Еліне, жеріне жаны ашитын қазақстандықтар бұл петицияны қолдайтыны анық!
Осы тұста еске сала кететін бір жайт, президент Қасым- Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен 2022 жылы Ата заңымызға бір қатар түзетулер енгізілгені белгілі. Онда жердің асты-үсті байлығы тұтасымен халыққа тиселі деп нақты көрсетілген. Демек, осыны бетке ұстай отырып, бұрынғы жасалған келісімшарттарды қайта қарап, халықтың мүддесіне сай жасау, біздің азаматтық міндетіміз болмақ!
Азаматхан Әміртай «Жасылдар» партиясының төрағасы