Қытай полициясы Ганьчжоу қаласының бұрынғы мэрі Чжан Цидің үйін тінту барысында 13,5 тонна құйылған алтын табылған, – деп хабарлайды жергілікті powerapple басылымы.
Сонымен қатар, бейресм деректер бойынша, 57 жастағы экс-қала басшысының үйінің жертөлесінде қомақты қаражат табылған. Сондай-ақ, ол бірнеше мың шаршы метр жылжымайтын мүліктерінде жасырғаны белгілі болды. БАҚ мәліметінше, полиция ақша, алтын, өнер туындылары мен антиквариаттарды бірнеше әскери көлікпен шығарған. Ер адам өлім жазасына кесілуі мүмкін.
https://twitter.com/i/status/1176544309665030144