Home Саясат Тоқаев Астана әуежайында Си Цзиньпинді қарсы алды

Тоқаев Астана әуежайында Си Цзиньпинді қарсы алды

78

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Астанаға келді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында қарсы алды.

«Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін әуежайда Құрмет қарауылы ротасы сап түзеп тұрды. Сондай-ақ Қазақстан мен Қытай халықтарының шынайы достығының белгісі ретінде балалар екі елдің жалауын желбіретіп, қошемет көрсетті. Балалар Төраға Си Цзиньпин бастаған ҚХР делегациясына ілтипат білдіріп, қытай тілінде ән шырқады», – делінген хабарламада.

Сапар аясында жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Алдыңғы жазбаДекларация тапсырмағандарға айыппұл салына ма?
Келесі жазбаҚашаған, Теңіз және Қарашығанақ кеніштеріндегі келісімшарттар қайта қаралсын!