Home Жаңалықтар Оралда «Ұршық пати» іс-шарасы өтті

Оралда «Ұршық пати» іс-шарасы өтті

193

Бүгін Орал қаласының  Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты Жастар мәдениет сарайының ұйымдастыруымен қалалық көрме залында Қолөнершілер одағының мүшесі, қолөнер шебері, «Urshyk» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Бибігүл Лаубайқызының «Ұршық пати» іс-шарасы өткізді.

Іс-шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қолөнер бұйымдарының заманауи үлгісін қолдану арқылы қолөнершілердің жеке брендін қалыптастыру, жастардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру.

Іс-шарада шеберлік сағаты ұйымдастырылып, қолөнер бұйымдары таныстырылып, қыз-келіншектерге ұршық үйірудің қыр-сыры көрсетілді.

Орал

Атаулы іс-шараға Орал қаласы әкімінің орынбасары Арсен Ғұбашев қатысып, бастаманың өскелең ұрпақ үшін маңызы зор екенін жеткізді. Сонымен қатар «Атамекен» комьюнити орталығының «Сәулем-ай» әжелер ансамблі мен Аслан, Жасұлан Зинеденовтер өнер көрсетті.

Орал

Іс-шара соңында Бибігүл Карденоваға облыс әкімінің атынан алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етілді. Шеберлік сағатына қатысқан қала тұрғындары алған әсерімен бөлісіп, «осы секілді ұлттық құндылықтарды насихаттайтын іс-шаралар көбірек болса екен» деген ізгі ниетін білдірді.

Орал
Алдыңғы жазбаБатыс Қазақстанда Мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді
Келесі жазба«Қарашаңырақ – қасиетті ұғым» атты мерекелік іс-шара өтті