Қазақстанда бағасы 3 миллион теңгеден аспайтын көлік жасалмақ.
Бүл туралы Қазақстан автобизнес қауымдастығының президенті Андрей Лаврентьев «Хабар 24» арнасына берген сұхбатында айтқан, деп жазады abai.kz.
– Үкіметпен жасалған келіссөз және тапсырмаларға сәйкес, автосалондағы құны 3 миллион теңгеден аспайтын эконом әрі арзан көлік шығару жөнінде жаңа тапсырма бар. Қосымша несиелендіру, лизингтік бағдарламалар жасалады. Біз 3 миллион теңгеден аспайтын көлік моделін таптық, – деген Андрей Лаврентьев.
Қазақстанда қазір бірнеше көлік түрлері құрастырылады. Лаврентьевтің айтуынша, көлік өндірісінің өсімін жылына 100 мың машина шығаратындай дәрежеге жеткізуге болады.