Қарағанды оқыс оқиға орын алды. Қатты желдіңсалдарынан үрмелі батут ұшып кетіп, салдарынан 1 бала қаза тауып, тағы екі бала ауруxанаға жеткізілді.
25 мамыр күні сағат 16.00 шамасында қаланыңорталығындағы саябақта оқыс оқиға орын алды. Ауа райының қолайсыздығы салдарынанбалалар ойнайтын үрмелі батут ұшып, төңкеріліпкеткен. Куәгерлердің айтуынша, батуттың ұшуынақатты жел ғана емес, оның жерге мықтапбекітілмеуі де себеп болған.
«Далада қатты жел тұрды. Осы кезде батут аспанға көтеріліп, бір аунап жерге құлады. Батутта көптеген бала ойнап жүргенболатын. Көбісі жарақат алды. Бір баланықұтқарушылар тек 10 минуттан кейін алыпшықты. Бүгін қатты жел болатынынсиноптиктер болжаған болатын. Алайдабатуттың иелері қауіпсіздік шараларынсақтамаған», – дейді қала тұрғыны Лариса.
Төтенше оқиғадан бірнеше бала зардап шекті. Алған жарақатының әсерінен 11 жастағы бала оқиға орнында көз жұмды. Тағы 2 бала әртүрлідене жарақатымен ауруxанаға жеткізілген.
«Аталған факті бойынша ҚазақстанРеспубликасы Қылмыстық Кодексінің 306-бабы, 3-тармағына сәйкес, яғни «адам өліміне әкепсоққан қауіпсіздік талаптарына сай келмейтінқызмет көрсету» бабы бойынша қылмыстық ісқозғалды. Сәйкесінше сараптамалартағайындалды. Аталған нысады қолданубойынша құжаттар тексіріліп жатыр», – дейдіҚарағанды облыстық Полиция департаментініңбаспасөз қызметі.
BAQ.KZ