Home Жаңалықтар «Бензиннің барлық түріне қатысты». Елімізде жанармай қымбаттауы мүмкін

«Бензиннің барлық түріне қатысты». Елімізде жанармай қымбаттауы мүмкін

38

Жанар-жағармай 10 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, – деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Ведомство басшысы оны акциз құнының өсуімен байланыстырып отыр. Қазір ол – 8 теңге. Алдағы уақытта тағы 10 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Өсім 6 пайызды құрамақ. Бұл бензиннің барлық түріне қатысты. Жан-жақты талқылаудан өтіп жатқан жоба 1 желтоқсаннан бастап күшіне енгізілмек.  «Бүгінде АИ-92 шамамен 150 теңге, кей жерлерде бір литрі 149-152 теңге. Көрші елдермен салыстырсақ, бұл өте аз. Бензин құнының жартысына жуығы акциз болса, бізде тек 8 теңге. Баға ары кетсе 10 теңгеге өсуі мүмкін. Екі есе өспейді», – деді Руслан Дәленов Мәжіліс қабырғасында. Бұған дейін энергетика министрі Қанат Бозымбаев көрші елдермен салыстырғанда отандық жанар-жағармайдың құны арзан болғандықтан, шекара асып жатқанын айтқан еді. Сондықтан бензин бағасын кезең-кезеңімен шекаралас мемлекеттермен теңесетінін жеткізді.
Kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаҚағаз тозды. Ұлттық банк айналымға 200 теңгелік монета шығармақ
Келесі жазбаЕлбасы Үкімет және Мәжілістегі «Nur Otan» фракциясы мүшелерінің қатысуымен жиын өткізеді