Home Басты жазба «Қара алтынның» саудасынсыз Қазақстан қалай күн көрмек?

«Қара алтынның» саудасынсыз Қазақстан қалай күн көрмек?

20

Еліміздегі қалыптасқан жағдайды безбендей келе ұлттық экономикамыздың тығырыққа тіреле бастағанын көруге болады. Мемлекет бюджетіндегі тапшылық соны көрсетеді. Ең бір қиын жағдай енді басталғандай. Ел бюджетінің 70 пайызын мұнайдан түскен пайда құрайды дейтін болсақ, сол «қара алтынан» енді пайда болмайын деп тұр.

Әлбетте, Батыс аймақта өндірілген мұнайдың 80 пайызы Каспий мұнай концерсумы арқылы тасымалданатыны белгілі. Енді осы айда ол құбырмен тасымалданатын мұнай 70 пайызға кемімек. Неге? Оның бірнеше себептері бар көрінеді. Біріншіден Қазақстан Мұнайды сыртқа шығарушы елдер ұйымы (ОПЕК) алдындағы міндетті орындап, мұнай өндіру көлемін азайтпақ. Екінші бір мәселе, ақпан айының ортасында Каспий мұнай концерсумының Ресей жеріндегі «Кропоткинская» мұнай айдайтын бекетке Украин дорндары шабуыл жасап, зақымдап кеткені белгілі. Ал оны жөндеу кем дегенде екі айға созылады деп хабарлаған Ресей жағы. Олардың есебі бойынша Қазақстан мұнайын құбырмен тасымалдау кем дегенде 30 пайызға төмендемек екен. Сол 30 пайыздың өзінен Қазақстан жағы үлкен ұтылысқа шығатынын өткен бір жазбаларымызда жазғанбыз. Енді сол құбырмен тасымалданатын еліміздегі мұнай 70 пайызға қысқармақ. Бұдан тыс, екінші бір Атырау – Самара мұнай құбыры арқылы тасымалданатын мұнайда біршама кемімік көрінеді. Осының бәрін есптей келетін болсақ, бюджет тапшылығы әліде жалғаса бермек. Қысқасы ел экономикасының қиын кезеңдері әлі алда. Мұның бәрі нені көрсетеді? Әлі де Қазақстан мұнай мен газдың экспортына тәуелді екенін байқаймыз. Ал, экономиканы әртараптандырамыз деген әңгіме сол «баяғы жартас, сол жартас» күйінде қалғанын аңғарамыз.

Алдыңғы жазбаЖетім жігіттің тағдыры
Келесі жазбаАҚШ  Қазақстанның  сирек  металдарына  көз  салды!