Home Басты жазба АҚШ  Қазақстанның  сирек  металдарына  көз  салды!

АҚШ  Қазақстанның  сирек  металдарына  көз  салды!

65

Айтпақ  болған  ойымыздың  басында  мына  бір  мәселеге жұрт  назарын аудара кеткенді  жөн  көрдік.  12  наурыз күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Қазақстанның сыртқы істер министрі, премьер-министрдің орынбасары Мұрат Нұртілеумен телефон арқылы сөйлескені  белгілі. Онда, тараптар  біраз  мәселені  тілге  тиек еткені  анық.  Соның  ішінде  көңілді  аударған  мына бір   жайт.

Әңгіме  барысында, АҚШ  жағы Қазақстанмен  минералдар яғни сирек  металдар  саласы  бойынша ынтымақтасқысы  келетінін  жеткізіпті. Жөн – ақ.  Сәл  шегініс жасайтын болсақ,  АҚШ   негізі  сирек  металдарды  Қытайдан (Қытай   әлемде  1  орын алады)  алып келгені   белгілі.  Алайда  екі ел арасындағы кейбір жағдайларға  байланысты  келіспеушіліктен кейін Бейжін  Вашингтонға бұл  металдарды  экспорттауға  тиым салған. Қазір  АҚШ  Украинадағы  сирек  металдар кеніштерін  өздеріне  алғысы келіп  отыр. Тіпті «Біз  сендерге Ресейге  қарсы  соғыстарыңа  қару-жарақ  және  қаржылай  көмек  беріп келдік.  Соның  өтеуі  ретінде бізге бересің»  деп әлімжеттік  жасап  отыр  деуге де  болады. Әрине,  Қазақстанға  олай  дей қоймас.  Бірақ біздегі   сирек  металдар  өндірісіне  көз  салып отыр.Сирек металдар не үшін керек?Әлбетте,оларды радиоэлектроника, машина жасау, атом, химия, қорғаныс және ғарыштық өнеркәсіп салаларында кең қолданылады. Мәселен, елімізде әлемде сирек кезедесін  елуден астам  металл  түрі  бар.  Соның   қырық  түрі өндірілуде екен. Осылардың  ішінде  ең  қымбаты Осмий деп аталатын  металл.  Соның  ішінде осмий-187 изотопы. Бұл  Жезқазған  өңірінде  өндіріледі. Өкінішке  орай  осындай  сирек  металдар  өндіретін  өндірістер  туралы көп айтылмайды. Неге? Әлде ол  мемлекеттің  емес,  жеке адамдардың  қолында  ма? Белгісіз. Осы осмий-187 изотопының 1 граммы 10мың  доллардан басталып  200 мың долларға  дейін  тұрады. Мәселен,  неодим (Nd), прометий (Pm), гадолиний (Gd),  секілді  металдар  АЭС – қа пайдаланылады.  Мынаны  еске  сала кетейік,  мұндай  сирек  металдарды   өндіру, өңдеу  өте  күрделі  һәм қауіпті.  Тіпті  экологиялық  жайсыздықтарғада алып келеді.  Содан  болар,  уақытында  әлемде сирек   металдар  өндірудің  60  пайызы  тиселі  болған  АҚШ,  осыдан  30  жыл  бұрын  кеніштерін  уақытша жауып  қойып,   керекті  дүниесін  өзге  жақтан сатып алып келгені  белгілі. Бізде  қалай?  Бұл  әзірге  жабық тақырып  сияқты.

Алдыңғы жазба«Қара алтынның» саудасынсыз Қазақстан қалай күн көрмек?
Келесі жазбаТоқаев қазақстандықтарды Амал күнімен құттықтады