Home Жаңалықтар Президент Мәңгілік алауға тағзым етті

Президент Мәңгілік алауға тағзым етті

67

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласындағы «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Мемлекет басшысы Мәгілік алау алдында тағзым етіп, қызыл розалардан құралған бір шоқ гүлді монументке қойды.

Мерекелік іс-шараға онға жуық ҰОС ардагерлері келіп қатысты.

Бір минут үнсіздік пен ел әнұраны шырқалып болған соң Тоқаев олардың қолын алып, бейресми әңгіме-дүкен құрды.

Сондай-ақ, салтанатты жиында Асқар Мамин, Дариға Назарбаева, Нұрлан  Ныгматулин, Бақытжан Сағынтаев, Марат Тәжин төбе көрсетті.

Олар да Мәңгілік алауға ардагерлермен бірге гүл шоқтарын қойып, бас иді.

 

Алдыңғы жазба«Барсаның» жеңілісінен кейін Мессидің жүйкесі сыр берді – БАҚ
Келесі жазбаБолат Иманбаев Малайзия елшісі болып тағайындалды