Home Жаңалықтар Ойланайық, ағайын…

Ойланайық, ағайын…

41

Елімізде қанша ана мен бала үйсіз-күйсіз, аш-жалаңаш жүр..Ал біздің байларымыз бір-бірімен жарысып, той жасап, қыруар ақша шашып, дүние жарыс жасап жатады. Сол шығынның орнына мұқтаж жандарға көмектессе, қандай сауап алар еді..Әрі сол берген садақалары, елден алған ақ баталары өмір жолын бірге бастаған жастардың бақытты өмір сүруіне кепіл болар еді.. «Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді»-деген. Қазақы даңғойлықтан, дарақылықтан арылмай, сана-сезімімізді өзгертпей, ілгерілеп, алға жылжуымыз қиын-ау..Таланттарымыз бағаланбай, әлі талай биіктерді бағындырар шақтарында күйкі тірліктің қамымен көмір үшін өмірлері қиылып жатыр..Ал біреулер бір күндік қызыққа ақшаны оңды-солды шашып жатыр. Қызғанды деп ойламаңыздар, ондай ақша, ондай дүние маған таңсық емес.. Жалпы тойдың форматын өзгерту керек деп ойлаймын.

Құдалықтағы киітке жағалы киім, алтын, бриллиант беріп шашылғанды да тоқтату керек сияқты. Әрине сый-сияпат жасалу керек, әркім өз шамасына қарай, шын ниетімен құдасына қазақы шапан жапса да, жарасымды емес пе? Бірақ ол үшін алдымен адамдардың сана-сезімі мен ой өрісі өзгеру керек. Мещандық түсініктен арылып, бір-бірімен жарысуды тоқтатып, руxани тұрғыда, адами тұрғыда өсу керек. Елден қалмайын, ел күледі, ел әңгіме қылады деп, қанша адам кредит алып, той жасап, киіт алып, шығын мен қарызға белшеден батып, қиналып жатыр. Шамасы болмай, балаларын үйлендіре алмай жүрген қанша отбасы бар..

Бір күндік ойын-сауыққа шашқан ақшасын екі жақ та жастарға берсе, өмір жолын енді бастап жатқан жас отбасыға қандай көмек болар еді. Дүние шашқаннан жастар бақытты боп кетсе, қуанасың ғой..Пәтер жалдап, айлығы шайлығына жетпей, жас балалары бар отбасылардың қиындыққа шыдамай, ажырасып жатқандары қаншама?.. Немесе құдағилардың «мен мынандай беріп едім, сенің әке-шешең дұрыс қайтармады» -деген сияқты дүниеқоңыздықтан қанша отбасы ойран боп жатыр?..Ойланайық, ағайын..Өзгерейік!

(Ләззат  Ахатованың  фейсбуктағы  парақшасынан  алынды)

Алдыңғы жазба«Байтақ-Болашақ» Атырау қаласын жасыл қалаға айландыру жобасын ұсынды
Келесі жазбаБОЙЖЕТКЕН