Home Жаңалықтар Назарбаевтың құрметіне тағы бір көшенің атауы өзгертілмек

Назарбаевтың құрметіне тағы бір көшенің атауы өзгертілмек

49

Қостанайдағы Гагарин көшесі Назарбаев даңғылына өзгертілетін болады деп хабарлайды Қостанай облысы әкімдігінің бірлескен қаулысы мен «Қостанай қаласының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы» облыстық мәслихат шешімінің жобасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Құжат 12 тамыз күні құқықтық нормативті актілердің ашық интернет-порталында 26 тамызға дейін талқыға түсу үшін жарияланған.

Ол жерде атауды өзгерту туралы шешімнің жергілікті тұрғындардың пікірімен санаса отырып, 9 тамыз күні үкімет жанындағы республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде қабылданатыны жазылған.

Қаулы жобасында Қостанайда Юрий Гагарин атындағы көшенің Нұрсұлтан Назарбаев даңғылына, ал Гвардия көшесінің Юрий Гагаринге ауыстырылатыны айтылған.

 

Алдыңғы жазбаАйя Шалқар артық салмақпен күресуден жалықты
Келесі жазба«Мен үшін бұл – жалған құрылым». Досым Сәтпаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі жайлы