Home Жаңалықтар Зеленский: Украинаның НАТО-ға мүше болу мәселесін референдумға шығарамыз

Зеленский: Украинаның НАТО-ға мүше болу мәселесін референдумға шығарамыз

47

Украинаның жаңадан сайланған президенті Владимир Зеленский елдің НАТО-ға мүше болу мәселесін референдумға шығаруға уәде берді.

5 маусымда Азат Еуропа/Азаттыққа берген сұхбатында Зеленский Украина мен оның азаматтарының тәуелсіз ұйымдарды таңдауына құқығы бар екенін айтты.

Оның айтуынша, билік «әрбір украин азаматына НАТО-ның қандай ұйым екенін, оған мүше болу соншалықты қорқатын нәрсе емес екенін айтып» түсіндіруі тиіс және «украин азаматтары дайын болған кезде бұл сұрақты міндетті түрде референдумға шығарамыз» деді.

5 маусымда шетелге (Еуропа) алғаш сапарын бастаған Зеленский Украинаның Еуроодақ пен НАТО-ның толық мүшесі болуға ұмтылатынын жеткізді. Бұған дейін мұндай мәлімдемені елді басқарған экс-президент Петр Порошенко да айтқан.

Мәскеу НАТО аумағының ұлғаюын әсіресе Украина мен Грузияның одаққа қосылу жоспарын жиі сынайды.

 

 

Алдыңғы жазбаҚазақстандық ауыр атлет қыз жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды
Келесі жазбаЖАТ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ЖАСТАР АРАСЫНА ЖЫЛДАМ ТАРАЛУЫ НЕЛІКТЕН?